Құпиялық

Құпиялық

Құпиялықты сақтау туралы мәлімдеме

Бөлімнің мазмұны соңғы рет 2023 жылғы 26сәуірде жаңартылды.

KPMG1 өзіне табысталатын ақпараттың құпиялығы мен қол сұғылмаушылығын қорғауды өз борышы деп санайды. Осыған байланысты КПМГ сізден онлайн алған дербес ақпараттың (сондай-ақ «дербес деректер», «жеке сәйкестендірілетін ақпарат» деп те аталады) қажетті түрде қорғалуын және тиісті түрде пайдаланылуын қамтамасыз етуді міндетіне алады.

Әдетте, біз онлайн кірушілердің ерікті түрде берген дербес ақпаратты ғана жинаймыз. Осылайша біз аталған адамдарға ақпарат және/немесе қызметтер ұсына аламыз немесе жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат бере аламыз.

Біздің алынған дербес ақпаратты қалай жинап, пайдаланып, беретінімізді және қорғайтынымызды толығырақ түсіну үшін осы Құпиялықты сақтау туралы  мәлімдемемен мұқият танысуды өтінеміз.

1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану

1.1 Біз жинайтын ақпараттың сипаты

1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдаланудың құқықтық негіздері

1.3  Cookies технологиясы

1.4 Балалар

2. Дербес ақпаратпен алмасу мен табыстау

3. Таңдау мүмкіндігі

4. Сіздің құқықтарыңыз

5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің сақталуы

6. Басқа сайттарға сілтемелер

7. Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеге енгізілетін өзгертулер

8. Қабылданған саясаттың ережелеріне және оларды орындау бойынша шараларға қатысты мәселелер

 

1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану

1.1. Біз жинайтын ақпараттың сипаты

1.1.1 Жалпы ережелер

Біз сіз туралы дербес ақпаратты егер сіз оны өз еркіңізбен, мысалы электрондық поштаны қолдану  немесе  белгілі бір қызметтерді алу үшін тіркелу арқылы берген жағдайда аламыз. Кейбір жағдайларда КПМГ желісінде сіз берген ақпарат бұрыннан болуы мүмкін (мысалы, сіз КПМГ компаниясының бұрынғы жұмыскері болсаңыз). Егер сіз КПМГ веб-сайтына бөгде сервистер негізіндегі бірыңғай кіру жүйесі арқылы өз тіркелгіңізбен тіркелсеңіз немесе кірсеңіз, олар пайдаланушының шынайылығын тексеру механизмін (аутентификацияны) іске қосады және КПМГ тіркелгісіне кіру үшін сіздің әлеуметтік желілердегі (мысалы, LinkedIn, Google немесе Twitter) есептік деректеріңізді береді, бұл жағдайда біз сіз әлеуметтік желілер платформасының провайдеріне оларды беруге келісім берген жүйеге тіркелу немесе кіру үшін қажетті кез келген ақпаратты немесе өзге мәліметті, мысалы сіздің атыңыз бен электрондық пошта мекенжайыңызды жинау құқығын өзімізде қалдырамыз. КПМГ желісі жинайтын басқа ақпараттың сипаты сіз осы әлеуметтік желілер провайдерінің платформасында белгілеген құпиялық параметрлеріне байланысты, сондықтан пайдаланылатын бөгде сервистің құпиялықты сақтау туралы тиісті ережелерімен немесе саясаттарымен танысуды өтінеміз.

Сіз тіркелгенде немесе КПМГ желісіне дербес ақпаратыңызды жібергенде, біз бұл ақпаратты осы Құпиялылықты сақтау туралы  мәлімдемеге сәйкес пайдаланамыз. Біз сізден дербес ақпаратыңызды өзге мақсаттарда пайдалану үшін рұқсат алған немесе мұндай пайдалану міндетті түрде талап етілетін немесе заңмен немесе кәсіптік стандарттармен рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, сіздің дербес ақпаратыңыз өзге ешқандай мақсаттарда пайдаланылмайды. Мысалы, егер сіз КПМГ веб-сайтында тіркелсеңіз және өз параметрлеріңізді көрсетсеңіз, біз өз тарапымыздан сіздің тіркелгіңіз үшін сіздің параметрлеріңіз туралы ақпаратты пайдалануды міндетімізге аламыз. Егер сіз веб-сайтқа бөгде сервистер негізіндегі бірыңғай кіру жүйесі арқылы өз тіркелгіңізбен тіркелсеңіз немесе кірсеңіз, біз сізді өзіңіз қолданатын барлық құрылғыларда бір пайдаланушы ретінде сәйкестендіре аламыз және сіз кіретін басқа КПМГ веб-сайттарындағы сіздің пайдаланушылық баптауларыңыз бен параметрлеріңізді дараландыра аламыз. Сіз КПМГ желісіне жұмысқа тұру мақсатында біздің мекенжайымызға жеке түйіндемені немесе өмірбаянды қамтитын электрондық хабарды жіберген жағдайда, біз бұл ақпаратты сізге біздегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет беру үшін пайдаланамыз.

Сіз белгілі бір қызметтерді алу үшін тіркелген жекелеген жағдайларда біз сіздің электрондық мекенжайыңызды сіз бізге электрондық пошта бойынша хабарлаған ақпарат расталған сәтке дейін уақытша сақтаймыз (яғни, жазылу туралы берілген өтінімді растау үшін біз сіз тіркелген кезде көрсеткен мекенжайға электрондық хабар жібереміз).

1.1.2 Қызметкерлер мен ізденушілер туралы ақпарат

Біз қызметкерлеріміздің, өздерімен жасалған еңбек шарты үзілген тұлғалардың, сондай-ақ бос жұмыс орнынан үміткерлердің дербес деректерін өңдейміз. Деректердің нақты жиынтығы және оларды өңдеу мақсаттары сіздің КПМГ желісімен қарым-қатынасыңызға байланысты және тиісті дербес деректерді өңдеуге берілген келісімдерде сипатталған. Егер сіз көрсетілген санаттардың біріне жатсаңыз, сіз туралы ақпарат сіздің келісіміңіз алынған жағдайда КПМГ кадрлар резервіне қосылуы мүмкін. Осындай жағдайда сіздің деректеріңіз Кадрлар резерві туралы ережеге сәйкес өңделеді.

1.1.3. Маркетингтік істі жүргізу үшін қажет ақпарат

Өз қызметтерімізді ілгерілету мақсатында біз маркетингтік істің бірнеше түрлерін жүзеге асырамыз: іс-шараларды ұйымдастырамыз (вебинарларды қоса), маңызды тақырыптардағы материалдарды жариялаймыз, клиенттерге және олармен байланысты тұлғаларға, сондай-ақ іс-шараларға келушілерге біздің қызметтеріміз, іс-шараларымыз бен жарияланымдарымыз туралы ақпараттық таратылымдар жібереміз. Біз сіз алатын ақпаратты өзекті және мүдделеріңізге сай етуге ұмтыламыз. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бізге сіздің жеке деректеріңіз (тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, электрондық поштаңыздың мекенжайы, жұмыс орныңыз, лауазымыңыз, өзге де байланыс ақпараты) қажет болуы мүмкін.

Сіздің жеке деректеріңізді жинау үшін біз үшінші тұлғалар басқаратын сервистерді (мысалы, онлайн тіркеу платформаларын немесе вебинарлар өткізуге арналған сайттарды) пайдалана аламыз. Тиісті орындаушылар сіздің жеке деректеріңізді өздерінің саясаттарына сәйкес өңдейді және біз құпиялылық пен сіз осындай платформаларға берген ақпарат үшін жауап бермейміз. Толығырақ ақпарат алу үшін дербес деректерді жинау нысандарын толтырмас бұрын аталған сервистердің саясатын зерделеуді ұсынамыз.

1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдаланудың құқықтық негіздері

Әдетте КПМГ сіздің өтінішіңізді орындау үшін қажет дербес ақпаратты ғана жинайды. Егер бізге қосымша мәлімет алу қажет болса, бұл туралы сізге ақпарат жинау барысында хабарланатын болады.

Қолданыстағы заңнама Қолданыстағы заңнама бізге жеке ақпаратты, егер бізде бұл үшін заңды негіздер болған жағдайда өңдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сізге осы негіздер туралы хабарлауға міндеттейді. Соған байланысты дербес ақпаратты өңдеу кезінде төмендегі өңдеу талапрының бірін басшылыққа аламыз:

  • Шартты орындау: сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу біздің шарт бойынша міндеттемелерімізді орындау үшін қажет;
  • Заңмен белгіленген міндет: біз сіздің дербес ақпаратыңызды заңмен белгіленген міндетті орындау мақсатында өңдеуге міндеттіміз, мысалы, салық салу мақсаттары үшін жазбаларды сақтау немесе қандай да бір мемлекеттік немесе құқық қорғау органына ақпарат беру;
  • Заңды мүдделер: біз сіз туралы ақпаратты осындай өңдеу сіздің мүдделеріңізді бұзбайтын жағдайда, заңды қызметімізді жүргізу барысында біздің заңды мүдделеріміздің шеңберіне кіретін және оны әрі қарай жүзеге асыру үшін қажет болғанда өңдейміз; немесе
  • Сіздің келісіміңіз: жекелеген жағдайларда біз сізден дербес ақпаратыңыздың қандай да бір бөлігін өңдеуге жеке келісіміңізді сұраймыз, және де сіздің дербес ақпаратыңыз тек сіздің келісіміңіз алынған жағдайда ғана өңделеді. Сіз кез келген сәтте caspiandataprivacy@kpmg.com мекенжайы арқылы КПМГ компаниясына хабарласып, өз келісіміңізден бас тарта аласыз.

Жоғарыда аталған заңды мүдделердің мысалы төмендегілер болып табылады:

  • КПМГ (соның ішінде іс-шаралар мен бос жұмыс орындары туралы) және (немесе) көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты, соның ішінде біздің веб-сайтымызға кіретін тұлғаларға беру.
  • Арам ниетті іс-әрекеттің немесе қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу және біздің ИТ-жүйелерімізді қорғау.
  • Онлайн режимде кірушілердің жеке баптаулары мен параметрлерін сақтау, сондай-ақ КПМГ веб-сайттарының функциялық сипаттамаларын жақсарту және тиімділігін арттыру.
  • Маркетингтік қызметті жүзеге асыру және оның нәтижелерін талдау.
  • Корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы міндеттемелерімізді орындау.

Қолданылатын құқық жоғарыда аталған кейбір негіздерді қарастырмауы мүмкін. Біз дербес ақпаратты қолданылатын құқық талаптарына толық сәйкес өңдеуге міндеттенеміз .

Дербес деректердің арнайы санаттары заңнамаға сәйкес айқындалады және КПМГ компаниясы оларды тек қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда ғана өңдейді.

1.3 Cookies технологиясы

Біздің сайттарымызда cookies технологиялары қолданылуы мүмкін. Мұндай технологияларды қолданған жағдайда сайтта cookie файлдарын пайдалану тәртібі сипатталған хабарлама орналастырылатын болады.

Толығырақ ақпаратты сіз «Cookie файлдарын пайдалану туралы өтініштен» таба аласыз.

1.4 Балалар

КПМГ әсіресе электрондық байланыс арналары арқылы араласатын ортада балалардың жеке өміріне қол сұқпау қағидатын сақтаудың маңызын жақсы түсінеді. Біздің электрондық сайттарымыз жасы 13-ке толмаған балаларға арналмаған. Өзіміздің саясатымызға сәйкес біз 13 жасқа толмаған балалар туралы ақпаратты кәсіби қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау аясында жинау мен сақтауды қоспағанда, ондай ақпаратты мақсатты түрде жинау мен сақтауды ешқашан жүзеге асырмаймыз. Балалардың дербес ақпараты тек қолданылатын құқыққа сәйкес өңделетін болады.

2. Дербес ақпаратты алмасу мен табыстау

2.1 Дербес ақпаратты KPMG компаниясына мүше фирмалар желісінің ішінде табыстау

Біз сіз туралы ақпаратты КПМГ желісінің халықаралық жобалар шеңберіндегі басқа мүше фирмаларына, сондай-ақ KPMG International Limited –ке қатысты компанияларға және KPMG International қауымдастығына кіретін басқа да мүше фирмаларға бізде әлемнің басқа елдерінің заңнамасы мен нормативтік-құқықтық құжаттарында көзделген талаптарды сақтау бойынша міндет пайда болғанда немесе ондай талаптарды орындау дұрыс болған кезде береміз. КПМГ желісінің құрамына кіретін басқа фирмалар да бізге және сізге қызмет көрсетеді, мысалы, АТ қолданбаларының хостингі және оларды қолдау қызметтері, мүше фирмалар мен олардың клиенттері үшін жауапкершілікті сақтандырудың белгілі бір нысандарын ұйымдастыру, басқа клиенттермен мүдделер қақтығысының бар-жоғы тұрғысынан тексерістер және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға қарсы іс-әрекет туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тексерістерді орындау, клиенттік жобалар шеңберінде қызметтер көрсетуге және КПМГ қызметінің үздіксіз сипатын қамтамасыз етуге арналған басқа да қызметтерді көрсетуге жәрдемдесу.

2.2 Үшінші тұлғаларға табыстау

Біз өзіміздің кәсіби қызметіміздің мақсаттары үшін, сіздердің сауалдарыңызды өңдеу, шарттық міндеттемелерді орындау және (немесе) заңнама не болмаса кәсіби стандарттар талап ететін немесе жол беретін жағдайларды қоспағанда, дербес ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейміз. Аталған үшінші тұлғалар туралы толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Сонымен қатар, КПМГ белгілі бір дербес ақпаратты елдің аумағынан тыс жерлердегі бізбен бірге немесе біздің тапсырмамыз бойынша жұмыс істейтін немесе КПМГ компаниясының осы мәлімдемесінде аталған мақсаттарда біздің атымыздан әрекет ететін бөгде ұйымдарға беретін болады. Көптеген жағдайларда КПМГ дербес ақпаратты Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жерде сақтайтын болады. Әдетте біз дербес ақпаратты мына елдерге жібереміз. Мұндай жағдайларда сіздің дербес ақпаратыңызды қорғау бұрынғысынша біздің осы ұйымдармен жасасқан шарттарымыздың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тиісті жағдайларда Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жерлерде мұндай шарттар Еуропалық комиссия бекіткен пішін бойынша ақпаратты қорғау туралы стандартты ережелерді қамтитын болады.

Қолданылатын құқық бізді дербес деректерді қорғау деңгейі жеткіліксіз елдерге дербес деректерді трансшекаралық беруге келісіміңізді алуға міндеттейтін жағдайларда, біз сізге оны беру үшін рұқсатыңызды алуға жүгінеміз

КПМГ сіз берген дербес ақпаратты үшінші тұлғалардың тікелей маркетингілік мақсаттары үшін одан кейін пайдалануы мақсатында сол тұлғаларға бермеуді міндетіне алады.

3. Таңдау мүмкіндігі

КПМГ сіздің дербес ақпаратыңызды белгілі бір мақсатта пайдалану үшін сізден рұқсат сұрайтын болады, ал сіз тиісінше осындай рұқсатты бере аласыз немесе оны беруден бас тарта аласыз. Егер сіз нақты сервистерге немесе ақпараттық жіберілімдерге, мысалы, электрондық жаңалықтар бюллетеніне жазылсаңыз, сіз оларды алудан кез келген уақытта бас тарта аласыз, ол үшін өзіңізге жолданатын әрбір материалға қосылатын нұсқауларды орындаңыз. Егер сіз жіберілімдерді алудан бас тарту туралы шешім қабылдасаңыз, біз аса қысқа мерзімдерде сіздің ақпаратыңызды жоюға тырысамыз, алайда сіздің өтінішіңіз өңделгенге дейін бізге сізден қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін.

Жоғарыдағы «Cookies технологиясы» бөлімінде көрсетілгендей, егер cookie файлдарының біздің сайтты сіздің шарлауыңызды қадағалағанын қаламасаңыз, браузеріңізді барлық cookie файлдарын бұғаттайтын етіп немесе сізге cookie-файлының жіберілгені туралы ескертетін етіп баптай аласыз. Бұл орайда, cookie файлдарын бұғаттау нәтижесінде кейбір ресурстарға жете алмауыңыз мүмкін екенін есте ұстау керек.

4. Сіздің құқықтарыңыз

КПМГ сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеген кезде сіздің төмендегідей құқықтарыңыз бар:

  • Қол жеткізу және дәл емес деректерді түзету: сіздің дербес ақпаратыңызға қол жеткізуге құқығыңыз бар. Осындай қол жеткізу мүмкіндігін беруге негіз болатын құжат «Дербес деректер субъектісінің қол жеткізу туралы сұрау салуы» деп аталады. Егер сізге дербес ақпараттың берілуі қолданылатын заңнаманың талаптарымен көзделген болса, онда мұндай ақпарат сізге тегін беріледі. Сізге дербес ақпарат берілгенге дейін біз сізден жеке басыңызды растауды және біздің арамыздағы өзара іс-қимылдың сипаты туралы мәліметтердің қажетті көлемін сұрата аламыз, олар бойынша біз сіздің дербес ақпаратыңызды сәйкестендіре аламыз. Егер сіздің бізде сақталған дербес ақпаратыңыз дұрыс болмаса, сіздің дәл емес ақпаратты түзету туралы бізге сұрау салуға құқығыңыз бар.
  • Өңдеуге келісім бермеу: егер сіздің пікіріңізше дербес ақпаратыңызды бұдан кейін пайдалануға біздің құқығымыз болмаса, оның өңделуіне келіспейтініңіз туралы мәлімдеуге құқығыңыз бар.
  • Келісімді қайтарып алу және (немесе) уәкілетті органға шағым беру құқығы.
  • Басқа құқықтар: сонымен қатар, егер сіз оның сақталу мерзімінен қисынсыз асырылып жіберді деп санасаңыз, сіздің дербес ақпаратыңыздың жойылуын талап етуге, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда оның шектеулі көлемде өңделуін талап етуге және (немесе) бізде электрондық пішімде сақталатын дербес ақпаратыңыздың қағазға басылған данасын алуға құқығыңыз бар. Қолданылатын құқыққа байланысты сізде басқа құқықтар болуы мүмкін.

Сіз КПМГ компаниясына caspiandataprivacy@kpmg.com мекенжайы арқылы хабарласып және бізге өзіңіздің байланыстық деректеріңізді қандай мақсатта бергеніңізді көрсете отырып, бізге сұрау салу арқылы жоғарыда аталған құқықтарыңызды іске асыра аласыз, ал біз өз тарапымыздан, сұрауыңыз қолданылатын заңнамаға және кәсіби стандарттарға қайшы келмейтін жағдайда, оны орындау үшін барлық ақылға қонымды және іс жүзінде жүзеге асырылатын шараларды қабылдаймыз.

5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің сақталуы

КПМГ компаниясында дербес ақпаратты жоғалып кетуден, рұқсатсыз пайдаланылудан, өзгертілуден немесе жойылудан қорғауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен саясаты қабылданды және қолданылуда. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікке төнген барлық қауіп-қатерлерді ескере отырып, тіпті КПМГ жұмсайтын барлық күш-жігерге қарамастан, дербес ақпараттың сақталуына жүз пайыз кепілдік беру мүмкін емес. Біз өз тарапымыздан сіздің дербес ақпаратыңыз өздеріне тек қызмет бойынша міндеттерін орындауы үшін қажет болатын адамдардың ғана қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Дербес деректерге қол жеткізе алатын тұлғалар олардың құпиялығын сақтауға міндетті.

Біз дербес ақпаратты өзімізге і) сұрау салуларды және (немесе) шарттық міндеттемелерді орындау; ii) заңнаманың, реттеуші органдардың, ішкі әкімшілік қызметтің немесе ішкі саясаттың талаптарын орындау үшін қажетті уақыт кезеңі ішінде ғана немесе iii) дербес ақпаратты берген адам бізге осындай ақпаратты жою туралы сұрау салған сәтке дейін ғана сақтауға тырысамыз. Мұндай деректерді сақтау мерзімі ақпаратты жинауда ескерілген нақты оқиғалар мен мән-жайларға байланысты болады, алайда жоғарыдағы i) -iii) тармақшаларының талаптарына сәйкес дербес ақпарат қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген уақыттан ұзақ сақталмайтын болады.

6. Басқа сайттарға сілтемелер

Көп жағдайда КПМГ компаниясының веб-сайттарында басқа сайттарға, соның ішінде КПМГ желісіне мүше басқа фирмалар қолданатын сайттарға сілтемелер болады, оларға құпиялықты сақтау және көбінесе дербес ақпаратты қорғау туралы осы Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеден басқа құжаттардың ережелері таралады. Қандай да бір дербес ақпаратты жария еткенге дейін біз онлайн келушілерге әрбір веб-сайтта орналастырылған құпиялықты сақтау саясатымен танысуды ұсынамыз.

КПМГ компаниясының кез келген веб-сайтында тіркеліп, КПМГ желісіне мүше басқа фирма қолданатын веб-сайтқа өз тіркелгіңіз арқылы өтуді жүзеге асыра отырып, сіз КПМГ компаниясының қазір өзіңіз кіріп отырған веб-сайтының құпиялығын сақтау туралы мәлімдемеге сәйкес дербес ақпаратыңыздың пайдаланылуына келісесіз.

7. Құпиялықты сақтау туралы мәлімдемеге енгізілетін өзгертулер

КПМГ деректердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша уақыттың нақты сәтінде әрекет ететін тәртіпті көрсету үшін осы Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеге мезгіл-мезгіл өзгертулер енгізе алады. Өзгертулер енгізген сайын біз осы беттің жоғарғы жағында жаңа оқылым жасалған күнді көрсететін боламыз. КПМГ компаниясының сіздің дербес ақпаратыңызды қорғауды қалай қамтамасыз ететінін білу мақсатында KPMG сіздің ақпаратыңызды қалай қорғайтыны туралы өзекті ақпарат алуүшін осы Құпиялылықты сақтау туралы әлімдемені жүйелі түрде қарап отыруды ұсынамыз.

8. Қабылданған саясаттың ережелеріне және оларды орындау бойынша шараларға қатысты мәселелер

КПМГ сіздің дербес ақпаратыңызға қол сұғылмауын қорғауды өзінің борышы деп санайды.

Егер сіздің дербес ақпаратыңызбен біздің қалай жұмыс істейтінімізге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, бізге caspiandataprivacy@kpmg.com мекенжайы арқылы хабарласыңыз. Сондай-ақ осы мекенжайды сіз Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемені біздің орындауымызға байланысты қандай да бір түйінді мәселелер туралы хабарлау үшін де пайдалана аласыз. Біз сіздің электрондық хабарламаңызды алғанымызды растаймыз және сізде туындаған мәселені қисынды мерзімде бірақ әрбір сұрау түріне қатысты қолданылатын құқықта көзделген уақыттан аспайтын мерзімде шешуге шаралар қолданамыз. Егер алынған жауап қандай да бір себептермен сізді қанағаттандырмаса, сіз GlobalPrivacyOfficer@kpmg.com мекенжайы бойынша электрондық хабарлама жіберу арқылы өз сұрағыңызды жоғары деңгейге, құпиялылықты қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық лауазымды тұлғаға жүгіне аласыз. Аталған тұлға сіздің электрондық хабарламаңыздың алынғанын 14 күн ішінде растайды және сізде туындаған түйінді мәселені тиісті электрондық хабарлама алынған сәттен бастап бір ай ішінде шешу үшін шаралар қабылдайды. Егер мәселе күрделі болған жағдайда немесе уақыттың нақты сәтінде біз бірнеше мәселені шешумен айналысып жатсақ, біз сіздің мәселеңізді шешу үшін бір айдан астам уақыт қажет болатыны туралы хабарлаймыз, сондай-ақ ол туралы алғаш хабарлаған сәтіңізден бастап үш ай ішінде оны шешу үшін барлық шараларды қабылдаймыз.

Біз сізді мазалайтын мәселені қарастыруға қабылдай да (және мұндай жағдайда жоғарыдағы "Сіздің құқықтарыңыз" бөлімінде аталған шаралардың бірін қолдана) аламыз, сондай-ақ оны қарастыруды қабылдаудан заңды негіздерде бас тарта да аламыз.

Кез келген жағдайда өз юрисдикциясыңыздағы дербес ақпаратты қорғау үшін жауап беретін реттеуші органға шағым беруге әрқашан да құқыңыз бар.

1 Осы КПМГ Мәлімдемесінде «КПМГ» немесе “KPMG” қысқартылған атауы, «біз» есімдігі және одан туындаған жіктеу есімдіктері жаһандық KPMG International Limited (“KPMG International”) ұйымын немесе әрқайсысы дербес заңды тұлға болып табылатын оның мүше фирмаларының біреуін немесе бірнешеуін білдіреді.

KPMG International Limited – өзінің қатысушыларының кепілдіктерімен шектелген англиялық жекеменшік компания. KPMG International клиенттерге кәсіби қызметтер көрсетпейді. KPMG желісіне мүше фирмалардың бір де біреуінің үшінші тұлғалардың алдында KPMG International компаниясын міндеттемелермен байлауға өкілеттігі жоқ, дәл солай KPMG International компаниясының да KPMG желісінің бір де бір мүше фирмасын сондай міндеттемелермен байлауға құқығы жоқ.