KPMG-ғы аудит аптасы
KPMG-ғы аудит аптасы
Аудит туралы көбірек білгіңіз келеді ме?
Сіз ірі халықаралық компаниялардың аудиті саласындағы мәнсап туралы армандайтын болсаңыз, сізге керегі тура осы!
«KPMG-ғы аудит аптасы» қазіргі кездегі бизнес-кейстерді шешудің және аудиторлардың күнделікті қандай міндеттермен қақтығысатынын іс жүзінде білудің бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Бағдарлама қалай ұйымдастырылған?
- «Аудит аптасы» бағдарламасы бойынша білім алу тегін.
- Бағдарлама кәсіби аудитор ретіндегі өз мәнсабын құрғысы келетін ЖОО 2017 жылы тәмамдайтын бітіруші курс студенттеріне арналған.
- Сабақтар Nazarbayev University дүйсенбіден жұмаға дейін өткізіледі.
- Бағдарламаның әрекет ету кезеңі: 2017 жылғы 23 - 27 қаңтар
- Уақыты: 16.00 – 18.00
Бағдарлама не береді?
- Аудитордың жұмысымен тәжірибе жүзінде танысу;
- Біздің аудиторларымыз күнделікті шешетін міндеттерді көрсететін нақты бизнес-кейстерді қарастыру мүмкіндігі;
- Міндеттерді шешетін кезде тәжірибеде қалыптан тыс пайымдауды қолдану;
- Нақты міндеттерге қатысты командада жұмыс істеу және тиімді шешімдер табу қабілетін тесеру;
- KPMG аудит департаментінің кәсіпқойларынан өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі;
- KPMG басшылығымен кездесу;
- Жоғары оқу орындарының түлектерін KPMG-ғы жұмысқа іріктеу барысы туралы білу мүмкіндігі;
- Жұмысқа тұру ұсынысын алу мүмкіндігі!
«KPMG-ғы аудит аптасында» сіз экономиканың келесі секторларында аудит жүргізудің ерекшеліктері туралы түсінік аласыз:
- Энергетика және табиғи ресурстар
- Қаржылық қызметтер
- Сауда және тұтынушылық нарық.
«KPMG-ғы аудит аптасы» бағдарламасының қатысушысы болу үшін не істеу керек?
1. KPMG Recruitment System –ң көмегімен тіркеліңіз (тіркеу 19 қаңтар 17.00-де аяқталады)
2. «Аудит аптасы» бағдарламасы менің көздеген мақсаттарыма жетуіме қалай ықпал етеді» деген тақырыпқа ағылшын тілінде шағын эссе жазып, оны онлайн тіркелу кезінде «COVERLETTER» бағанына тіркеңіз.
3. Онлайн тестілеуден өтіңіз (сандық және ауызша тесттер).
4. Біздің кадрлар жөніндегі департамент қызметкерімен телефон арқылы сұхбаттасыңыз.
5. Іріктеу рәсімінен сәтті өткен жағдайда сіз бағдарламаға қатысуға шақырту аласыз.
Анағұрлым толығырақ ақпаратты мына тұлғалардан алуға болады:
+ 7(727) 298 08 98
Бізбен байланысыңыз
- Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
- kpmg.emailUs
- Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia