Директорлар кеңесі мен директорлар кеңесінің комитетінің қызметтерін бағалау
Директорлар кеңесінің бағалау
Директорлар кеңесі жұмысының тиімділік мәселесі әр уақытта көкейкесті болып табылады. Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру ұйымдарға сыртқы сын-тегеурін мен мүмкіндіктерге уақытылы ырық беруге мүмкіндік береді.
Директорлар кеңесі жұмысының бағалауын жүйелі түрде өткізу директорлар кеңесінің шешімінің сапасын арттырады, директорлар кеңесіне акционерлердің сенімін нығайтады, компанияның инвестициялық тартымын көтереді, директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау кезінде бағалау нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді..
Директорлар кеңесі жұмысының бағалау бойынша KPMG әдістемесі директорлар кеңесінің барлық қатысушылары үшін ыңғайлы болып табылады, халықаралық тәжірибені, KPMG-нің өз жұмысын және реттегіш ұсынысын ескереді.
Бағалау шаралары келесі кезеңдерден тұрады:
- Бағалау өлшемдерін белгілеу
- Ақпарат алу көзін таңдау
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы ақпараттар жинау (отырыс хаттамалары, есептер және т.б.)
- Корпоративті қатынас қатысушыларының сауалнамалары (директорлар кеңесінің мүшелері, менеджерлер, қызметкерлер, акционерлер және басқалары)
- Жиналған ақпаратқа талдау жасау
- Өткізілген бағалау туралы кеңес есебін дайындау, сонымен қатар директорлар кеңесінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын дайындау.
Корпоративті Басқару Тобының ұсынатын қызметтері туралы көбірек білу үшін бізбен байланысыңыз.
Бізбен байланысыңыз
- Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
- kpmg.emailUs
- Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia