Салықтық және бухгалтерлік сүйемелдеу қызметтері

Салықтық және бухгалтерлік сүйемелдеу қызметтері

Салықтық және бухгалтерлік сүйемелдеу қызметтері

Ағымдағы күрделі экономикалық жағдайларда салық заңнамасын және басқа да нормативті-құқықтық талаптарды бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету белгілі бір қиыншылықтармен ұштасады. Жаһандану процесінің тез қарқыны, салық заңнамасындағы және бухгалтерлік есеп стандарттарындағы өзгертулер, сондай-ақ салық органдарының бизнес мөлдірлігін жоғарылатуға байланысты қатаңданған талаптары компаниялардың қаржы және бухгалтерлік бөлімдеріне қосымша жүктеме артады.

Көбінесе заңнама талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, салықтық жоспарлау, тәуекелдерді басқару және компанияның басқа бөлімдерімен анағұрлым тығыз әрекеттесу секілді бизнестің құнын арттыру тұрғысынан әлдеқайда тиімдірек әрекет түрлеріне қарағанда, көбірек уақыт бөлінеді. KPMG өз қызмет көрушілеріне заңнама талаптарын орындауды қамтамасыз етудің тиімді әрі төмен шығынды жолдарын ұсынады.

 

KPMG қызметтері

Біздің жұмысымыз бизнесіңізді егжей-тегжейлі зерттеуден және мақсаттарыңыз, жүйелеріңіз, одақтық мәдениет пен ықтимал салық тәуекелдеріңіз туралы нақты түсінік қалыптастырудан басталады. Біздің ойымызша, бұл әрбір нақты жағдайда салық заңнамасын орындау мәселесімен жұмыс жасау жолын қалыптастыру әдістерінің ең тиімдісі.

Мамандарымыз Сіздің офисіңізде жұмыс жасай отырып, заңнама талаптарын орындау мен салық тәуекелдерін басқару стратегиясы саласында мақсаттарды алға қоюға көмектеседі. Алып жатқан салықтық позицияңыз салық салым саласындағы стратегиялық мақсаттарға сай екенінде толық сенімді болуыңыз үшін, біз әрқашан сізбен салықтық мәлімдеме процесіңізді талқылауға дайынбыз.

 

Қызметтеріміз мыналарды қамтиді:

  • салық мәлімдемелерін дайындау (барлық қолданылатын салықтар бойынша);
  • салық мәлімдемелерінің жобаларын салықтық органдарға тапсырар алдында тексеру (барлық қолданылатын салықтар бойынша);
  • салық есебі саласында қызметтер кешенін көрсету
    бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша қызметтер
    жалақы есептеу есебі;
  • персоналдарды уақытша ұсыну;
  • салық органдарында тіркеу;
  • салықтық органдарға сұрату жіберу және алынған жауаптарды талдау;

 

KPMG артықшылықтары

  • Заңнама талаптарын орындау салық мәлімдемесін «өңдеуді» ғана көздемейді – біздің жұмыс жасау жолымыз салықтық пайда қалыптастыруға және компанияңыздың қажеттіліктеріне жауап беретін салықтық есеп беру жүйесін жасауға бағытталған.
  • Компанияңызда салықтық есеп беруді дайындаудағы және салықтық тәуекелдерді басқарудағы KPMG қолданатын структуралық тәсілдері алға қойылған мақсаттарға жетуге көмектеседі. Біз сізге бизнесіңіздің тиімділігін арттыруға, компания жұмысына кері әсерді төмендетуге, күтпеген келеңсіз оқиғаларды болдырмай, қажетті құжаттарды уақтылы тапсыруға көмектесеміз.
  • Біз ұстанатын кешенді әдіс-тәсілдеріміз тек салық заңнамасының талаптарын орындау процесін ғана емес, сонымен қатар салық салым мен салықтық жоспарлау мақсатындағы ақпаратты ашу жүйесін жетілдіру бойынша идеяларды әзірлеуді, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерін іздестіруді қамтиды.

Бізбен байланысыңыз